2023 жылдың 1 тамызында жыл сайынғы республикалық «Мектепке жол» акциясы басталады. Акцияның мақсаты – аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы нашар отбасы балаларына, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету, балалардың әлеуметтік себептермен мектепке бармауын болдырмау. Биылғы жылы қайырымдылық акциясына ерекше көңіл бөлініп отыр, биылғы жылы акция «Жақсылық жаса» ұранымен өтілуде. Облыстың білім беру ұйымдарында оқушыларды мектепке дайындауда көмек көрсету жұмыстары жүргізілуде. Көмекке мұқтаж балалардың мәліметтер базасы құрылды. Азаматтардың өтініштеріне жедел өтуі үшін «жедел желі», немесе «сенім телефоны желісі» жұмысы жолға қойылған.Сонымен қатар, қайырымдылық көмек көрсету үшін демеушілер, әлеуметтік серіктестер, мемлекеттік органдарды тарту жұмыстары жүргізілуде. Айта кететін болсақ, республикалық акция күнтізбелік жыл бойы да жалғасын табады. Балаларды мектепке дайындауға көмектесемін деушілер тұрғылықты жері бойынша білім бөліміне немесе тікелей білім беру ұйымына хабарласа алады.

Қосымша ақпарат көздері